Халықаралық бокс қауымдастығы Жәнібек Әлімханұлына қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

23 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына қарамастан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы мәртебесін сақтап қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

WBO рейтингінің жаңартылған нұсқасында Жәнібек Әлімханұлы әлі де чемпион ретінде көрсетілген. Аталған салмақтағы үздік үш үміткер қатарында британдық Дензел Бентли, венесуэлалық Эндри Сааведра мен кубалық Йоэнлис Эрнандес бар.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсанға жоспарланған WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда Жәнібек Әлімханұлы тапсырған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған еді. Соның салдарынан жекпе-жек өтпей қалып, WBO бұл жағдайға байланысты ішкі тексеріс бастаған.

Қазіргі мәлімет бойынша, "B" сынамасын ашу 8 қаңтарға жоспарланған. Егер екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.

Тэгтер:

Бокс Жәнібек Әлімханұлы допинг