Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің болмайтынын хабарлады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
41 жастағы спортшы аталған мәлімдемені әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
"Құрметті жанкүйерлерім, 27-і күні Алматыда өтуі тиіс бокс кешіне шыға алмаймын. Бұл жағдай бірнеше себепке байланысты туындады, оның ішінде қарсыластар тарапынан да мәселелер бар. Егер бәрі ойдағыдай шешілсе, жекпе-жек шамамен бір жарым айға кейінге қалады. Нақты күн белгілі болған сәтте міндетті түрде хабарлаймыз", – деді Қанат Ислам.
Басылымның нақтылауынша, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері 27 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінде жұдырықтасуы тиіс болған.
Айта кетейік, Қанат Ислам – бірінші орта салмақта WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері.