Күтпеген жаңалық! Головкинге қатысты ел естімеген шындық мәлім болды

Бүгін, 12:48 / Ахмет Қанатұлы
Ethan Miller/Getty Images. Суретте: Сауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин

Boxingscene.com атты танымал бокс порталы бұрынғы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Андре Уордтың рингте жолы түйіспей қалғанына өкініш білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Головкин орта салмақта өнер көрсетсе, Уорд одан ауыр салмақтарда — екінші орта және жартылай ауыр салмақ дәрежелерінде чемпиондық белбеулерді иеленген.

"Аяқталмаған бокс текетіресі. Андре Уорд – Геннадий Головкин. Көп жылдық талқылау. Бір-бірімен ешқашан жолықпаған екі "прайм". Шеберлік пен қысымның қақтығысы. Қорғаныс пен қиратушы күштің айқасы. Егер бұл жекпе-жек шынымен өткенде, кім жеңер еді?" – деп сұрақ тастады басылымның X (Twitter) парақшасы.

Айта кетейік, кейбір бокс жанкүйерлері Геннадий Головкинді Андре Уордпен жекпе-жектен қашты деп айыптап келеді. Алайда GGG-дің промоутері Том Лёффлер бұл пікірлерді бірнеше рет жоққа шығарған.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин Андре Уорд