Сүйінші, ағайын! Алуа Балқыбекова соңғы үлгідегі қымбат темір тұлпар табысталды (ВИДЕО)

Бүгін, 11:07 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Алматы қаласының бокс федерациясы халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген қазақ боксшысы Алуа Балқыбековаға ерекше құрмет көрсетті. Спортшыға BYD маркалы автокөліктің кілті салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Марапаттау рәсімі 21 желтоқсанда Алматы қаласында өткен Алматы бокс федерациясының жылдық конференциясы аясында ұйымдастырылды. Жиын барысында биылғы маусымда әлемдік ареналарда жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның спорттағы беделін асқақтатқан Almaty Boxing Team құрамасының өзге де мүшелері назардан тыс қалмай, құрмет грамоталары мен ақшалай сыйақыларға ие болды.

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова биыл қыркүйек айында Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, ел мерейін үстем еткен болатын.

Тэгтер:

Бокс Алуа Балқыбекова BYD маркалы автокөлік