Күтпеген жаңалық! Жәнібек Әлімханұлының командасын жауапкершіліке тартпақшы

Бүгін, 22:48 / Ахмет Қанатұлы
Janibek Alimkhanuly team

Doctor Boxing Talk YouTube арнасы қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы соңғы допинг дауына байланысты жауапкершілікке тартылуы тиіс деп есептейді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Арна авторының айтуынша, бокста кездейсоқ жағдайлар болуы мүмкін, алайда спорттың тазалығын сақтау үшін әлдеқайда қатаң бақылау мен есептілік қажет.

Оның сөзінше, мұндай жағдайлардың алдын алудың бір жолы – спортшыларға ғана емес, олардың айналасындағы барлық жауапты тұлғаларға да шара қолдану.

"Кездейсоқтықтар болады, бірақ бокстың тазалығын сақтау үшін қатаң жауапкершілік керек. Мұны жүзеге асырудың бір тәсілі – спортшыларды жауапқа тарту. Тек боксшыны емес, оның жаттықтырушысын да, промоутерін де, осы іске қатысы бар барлық адамды. Команда толықтай кез келген қателік үшін жауап беруі тиіс. Олардың бәрі жазалануы керек", –деді арна авторы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мельдонийге оң допинг-тест тапсырған. Соның салдарынан оның 7 желтоқсанға жоспарланған кубалық боксшы Эрисланди Лара (32-3-3, 19 KO) қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды.

Тэгтер:

Бокс Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Лара доипнг