Жәнібек Әлімханұлын екінші рет ережені бұзғаны үшін тағы да айыптап жатыр

21 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

Doctor Boxing Talk YouTube арнасы қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) төңірегінде жақында шыққан допинг дауына байланысты оның қатысуымен бұрын болған тағы бір келеңсіз жағдайды еске алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Арна авторының айтуынша, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы әлемдегі ең мықты чемпиондардың бірі саналады және ол жасы ең үлкен чемпион – кубалық боксшы Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы тиіс болған.

"Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы ең үздік әлем чемпионы ретінде бағаланады. Ол бокстағы ең жасы үлкен чемпионмен айқасуы керек еді. Арнайы атап өтейін: бокстағы ең жасы үлкен қазіргі чемпионмен. Сонда жастың өзі артықшылық болуға жеткіліксіз болды ма? Сен бұған дейін де салмақ өлшеуден өте алмай, тәртіп бұзғансың, енді оған қоса допинг қолдану қажет болды ма?" – деп пікір білдірді арна авторы.

Еске салайық, өткен жылдың шілде айында Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен (21-2, 13 KO) жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда салмақ қуу кезінде қиындыққа тап болып, ауруханаға жатқызылған еді. Нәтижесінде бұл кездесу қазан айына ауыстырылып, екінші мәрте салмақты сәтті орындаған Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекте тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Тэгтер:

чемпион Бокс Жәнібек Әлімханұлы допинг