Doctor Boxing Talk YouTube арнасы қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) допинг-тесттен оң нәтиже көрсеткеннен кейін The Ring журналы рейтингінен шығарылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"The Ring Жәнібек Әлімханұлын өз рейтингінен алып тастады және мен мұны орынды шешім деп санаймын. Алайда бұл әділдікке байланысты емес, оның танымалдығының төмендігіне қатысты қабылданған шешім сияқты. Егер олар шынымен әділ әрекет етсе, барлық алаяқты жазалауы керек еді, оның ішінде өздерінің басты жұлдызы – Райан Гарсия да бар. Бір алаяқты сынап, екіншісін қолдауға болмайды. Жәнібек Әлімханұлы – Гарсиядан артық читер емес. Райан Гарсия ағзасындағы остарин мөлшерін рұқсат етілген нормадан 60 есе асырып жіберген", – дейді арна авторы.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мельдонийге оң допинг-тест тапсырған. Осыған байланысты оның 7 желтоқсанға жоспарланған кубалық боксшы Эрисланди Лара (32-3-3, 19 KO) қарсы жекпе-жегі өтпей қалды.