37 жастағы Қуат Хамитов үйленейін десе, әкесі қарсы боп жүргенін айтты

Бүгін, 16:24 / Ахмет Қанатұлы
threads.com/@kuat__khamitov. Суретте: Қуат Хамитов

ММА файтері Қуат Хамитов болашақта үйлену мәселесінде әкесінің пікірі өзіне қатты әсер ететінін айтып, желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Файтер Threads әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында отбасылық жауапкершілік туралы ойын бөліскен. Оның айтуынша, әкесі ұзақ жылдар бойы оны үйлендіруге тырысқанымен, бұл әлі жүзеге аспаған.

"Әкем талай жылдан бері мені үйлендіргісі келді – бәрі сәтсіз болды. Ал бір күні мен болашақ жарымды үйге алып келгенде, ең қатты қорқатыным – оның "осынша уақыт таңдаған қызың осы ма?" деген сөзі. Сондықтан менде бір емес, екі есе жауапкершілік бар: таңдауым үшін және беделім (талғамым) үшін. Кейде таңертең осындай ойлар келеді", – деп жазды Хамитов.

Алайда бұл жазба желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік 37 жастағы спортшыға өз өміріне өзі жауап беріп, шешімді дербес қабылдауы керектігін айтты.

Тэгтер:

ММА Қуат Хамитов файтер