World Boxing әлде IBA? Ұлттық құрама ел күтпеген шешім қабылдап, көпшілікті таңғалдырды

Бүгін, 12:09 / Ахмет Қанатұлы
sports.kz

Қазақстандық спорт сарапшысы әрі комментатор Исатай Мәди алдағы уақытта Қазақстан әуесқой бокста IBA құрамынан шығып, World Boxing ұйымымен қалуы мүмкін деген пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Сарапшының айтуынша, бұл мәселеде нақты ұстаным қажет әрі уақыт өте келе ол айқындала түседі.

"Қалай болғанда да белгілі бір позиция болуы керек. Уақыт өте келе ол нақты қалыптасады. Екі кемені бір уақытта басқару мүмкін емес. Қазірдің өзінде әлемнің жартысы IBA-ны мойындамай отыр – олар әлем чемпионатына қатысудан ашық түрде бас тартты. IBA-ның өзі де болашақта не күтіп тұрғанын түсінеді. Олар ХОК бағытымен жүрмейді, керісінше промоушн, яғни кәсіпқой бокс жолына бет алады", – деді Исатай Мади.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан әуесқой бокста бір мезгілде екі бәсекелес ұйымға – World Boxing пен IBA-ға мүше болып отыр. Бұл жағдай халықаралық аренада құқықтық әрі ұйымдастырушылық сұрақтар туындатуда.

Биыл қараша айында World Boxing ұйымының президенті болып аңыз боксшы Геннадий Головкин сайланған еді. Қызметіне кіріскен соң ол осы екі ұйымға қатар мүшелік ету мәселесінің құқықтық қырларын жан-жақты қарастыратынын мәлімдеген.

Тэгтер:

Геннадий Головкин World Boxing IBA