Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов Өзбекстандағы оқу-жаттығу жиыны кезіндегі жағдайды айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әлем чемпионаты алдында Өзбекстанда өткен оқу-жаттығу жиынында Фазлиддин Эркинбоев пен Сабыржан Аққалықовтың тіресіп қалған сәті әлеуметтік желіде тарап кетті.
"Сабыржан мінезді жігіт қой. Осы әлем чемпионатында алтын алғысы келді. Рингте көп тіресіп қалды, әсіресе сөзге келіп қалады. Салмақ өлшеу рәсімі кезінде: "Неге Өзбекстанда төбелесіп қалдың?" – деп сұраймыз ғой. "Маған жабылып кетті. 4 жігіт жабылып кетті. Біздікілер қарап тұрды", – деді Сабыржан. Жабылған 4 жігіттің фамилиясын айтып берді, бәрі чемпиондар", – деді Аслан Қаженов.