"Біздің боксшыларды сындыратын еді": Соңғы әлем чемпионатында қазақ бапкерлері қандай айла жасады?

Бүгін, 20:22 / Ахмет Қанатұлы
Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Сабыржан Аққалықов

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов бокстан әлем чемпионаты туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оның айтуынша, Дубайда өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама бапкерлері өте дұрыс шешім жасады.

"Ұлттық құраманың ұтқан жері – нөмірі бірінші боксшыларды апармағаны. Өте дұрыс жасады. Балалар сынатын еді, өз-өздерін жек көріп кететін едім. Небір мықтыны апарсаң да, ол жерде бәрібір сындыратын еді. Екіншіден, халықтың негативті пікірі, көзқарасы болатын еді. Балалар өздерінің мықты екенін көрсетті", – деді Аслан Қаженов.

Айта кетейік, ұлттық құрама сапынан бұл байрақты бәсекеде 6 боксшымыз медаль иегері атанды. Жалпыкомандалық есепте Ресейді алға жіберіп, Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді. Қазақстанның IBA әлем чемпионатындағы жүлдегерлері:

Алтын:
• Сәкен Бибосынов (54 кг)
• Оразбек Асылқұлов (57 кг)
• Абылайхан Жүсіпов (71 кг)

Күміс:
• Сабыржан Аққалықов (75 кг)

Қола:
• Теміртас Жүсіпов (48 кг)
• Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг)

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты журналист Аслан Қаженов бапкерлер