Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Бүгін, 15:20 / Ахмет Қанатұлы
Туризм және спорт министрлігі. Суретте: Ақжүрек Таңатаров

Танымал балуан Ақжүрек Таңатаров лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Танатаров Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

"Спорттағы мол тәжірибесі, жоғары жетістіктері мен кәсібилігі отандық күрестің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз. Ақжүрек Танатарұлына жауапты қызметіне табыс тілейміз!" – делінген ресми хабарламада.

Ақжүрек Таңатаров 1986 жылы Жамбыл облысының Құлан ауданында туған. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен ел біріншілігінде төрт мәрте чемпион атанған балуан. Сондай-ақ 66 келі салмақ дәрежесінде өткен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.

Тэгтер:

күрес федерация Ақжүрек Таңатаров вице-президент