Сүйінші, ағайын! Әлем чемпионы Абылайхан Жүсіповке су жаңа пәтерді кілті табысталды (ВИДЕО)

Бүгін, 14:28 / Ахмет Қанатұлы
t.me/olimpicgames_Kazteamfan. Суретте: Абылайхан Жүсіпов

Бокстан әлем чемпионы Абылайхан Жүсіповке туған жері ыстық ықласын танытып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жақында Дубайда өткен ІВА әлем чемпионатында 71 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшымыз Абылайхан Жүсіпов алтын медаль иегері атанған еді. Осыған орай Қарағанды облысы, Абай ауданының әкімдігі боксшы Абылайхан Жүсіповке ерекше құрмет көрсетіп, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

"Әлем чемпионы атанып, туған жеріме оралғанда, үлкен құрмет көрсетіп, пәтер сыйлап қарсы алған жерлестеріме мың алғыс", – деді Абылайхан Жүсіпов.

Ұлттық құрама сапынан бұл байрақты бәсекеде 6 боксшымыз медаль иегері атанды. Қазақстанның IBA әлем чемпионатындағы жүлдегерлері:

Алтын:
• Сәкен Бибосынов (54 кг)
• Оразбек Асылқұлов (57 кг)
• Абылайхан Жүсіпов (71 кг)

Күміс:
• Сабыржан Аққалықов (75 кг)

Қола:
• Теміртас Жүсіпов (48 кг)
• Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг)

Тэгтер:

Бокс Абылайхан Жүсіпов пәтер әлеуметтік желі