Boxrec.com порталындағы мәліметке сәйкес, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Бокс комиссиялары қауымдастығының (Association of Boxing Commissions) шешімімен белгісіз мерзімге уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл шешім допинг дауына байланысты қабылданған. Аталған жағдайдың салдарынан Жәнібек Әлімханұлының WBO, IBF және WBA титулдары үшін жекпе-жек өткізе алмайды.
Айта кетейік, кубалық боксшы Эрисланди Ларамен 7 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жек 15 қарашада алынған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталғаннан кейін тоқтатылған болатын. Қазақ боксшысының командасы "B" сынамасын ашуды талап етті.
Нәтижесінде, Жәнібек Әлімханұлының орнына Эрисланди Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.