Даңқты қазақ баласы беделді жарыста ел күтпеген нәтижеге тап болды

18 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz

Қытай құрамасында өнер көрсететін этникалық қазақ боксшысы Тоқтарбек Таңатқан Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Қытайдың ұлттық ойындарында күтпеген жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнирдің басты фавориті саналған Тоқтарбек Таңатқан ширек финалдық кездесуде Сычуань провинциясының өкілі Ван Сяобаоға жол берді. Айта кетейік, бұл жекпе-жектегі жеңіс Ван Сяобаоға чемпиондық атаққа жол ашты – ол турнирдің жеңімпазы атанды.

Тоқтарбек Таңатқан – 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы екенін атап өткен жөн. Аталмыш әлем чемпионатының финалында ол Нұрбек Оралбаймен кездесіп, жол берген еді.

Қытайдың ұлттық ойындары төрт жылда бір рет өткізіледі және бокс бұл жарыстың ресми бағдарламасына енгізілген.

Тэгтер:

Бокс Тоқтарбек Таңатқан