"Туған жерден топырақ бұйырмады": Елге танымал композитор ауыр дерттен көз жұмды (ФОТО)

17 желтоқсан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Пианист, композитор, актер әрі тележүргізуші Левон Оганезов 13 желтоқсанда ұзақ уақыт онкологиялық дертпен күрестен кейін көз жұмды. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды.

Марқұммен қоштасу рәсімі 16 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол Кенсико зиратында жерленеді.

Левон (Леонтий) Оганезов 1940 жылдың 25 желтоқсанында Мәскеуде дүниеге келген. Музыкамен төрт жасынан бастап айналыса бастаған. Ол Орталық музыка мектебінде білім алып, Ипполитов-Иванов атындағы музыкалық училищені тәмамдаған. Әр жылдары фортепиано бойынша түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған.

18 жасында Левон Оганезов концерттік сахнада алғаш рет өнер көрсетіп, Колонналы залда өткен концертте сырқаттанып қалған пианист Наум Вальтердің орнын басқан. Шығармашылық жолында ол Клавдия Шульженко, Капитолина Лазаренко, Иосиф Кобзон сынды әйгілі өнерпаздарға аккомпаниатор болды.

Сонымен қатар Левон Оганезов «Ақ тотықұс» клубы, «Рояль төңірегіндегі әбігер», «Игорь Угольниковпен қайырлы кеш» секілді танымал телебағдарламалардың жүргізушілерінің бірі болды. Ол Сатира театрында қызмет етіп, Эльдар Рязановтың «Жатын бөлменің кілті» атты фильмі сияқты бірқатар кинотуындыларға түсті.