Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) кезекті Конгресінде бірқатар маңызды шешім қабылдап, бірнеше елдің бокс федерациясын ұйым құрамынан шығарды. Қатардан алынғандардың ішінде Пәкістан, Үндістан және Сент-Винсент пен Гренадин федерациялары бар, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Сонымен қатар Нидерланд федерациясының тұрақты мүше болу жөніндегі өтініші қанағаттандырылмағаны белгілі болды.
Конгресс барысында Үндістандағы жаңа құрылым – Indian Amateur Boxing Federation таныстырылып, IBA-ның боксты танымал етуге бағытталған жаңа жобасы – IBA Boxing Game виртуалды ойыны көпшілікке таныстырылды.
IBA президенті Умар Кремлев 2026 жылы ұйым тарапынан ұлттық федерацияларды қолдауға, әлем чемпионаттары мен жүлде қорларын қаржыландыруға, сонымен қатар жарысқа қатысуға мүмкіндігі жоқ спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсетуге 55 миллион доллар бөлінетінін мәлімдеді.