Головкинді жамандап жүрген боксшы Жәнібек Әлімханұлы туралы шындықты айтты

Бүгін, 21:59 / Ахмет Қанатұлы
Tom Hogan/Golden Boy Promotions via Getty Images. Суретте: Райан Гарсия

Геннадий Головкинді ашық түрде сынап жүрген америкалық боксшы Райан Гарсия допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлына күтпеген жерден қолдау көрсетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Гарсияның айтуынша, тыйым салынған зат спортшыға өзі білмей қолданатын тағамдық қоспалар арқылы түсуі мүмкін.

"Мен бұл туралы кез келген адамнан жақсырақ айта аламын деп ойлаймын. Себебі өзім де оң допинг-тесті шыққан жағдайды бастан өткердім. Бірақ мен өмірімде ешқашан әдейі допинг қолданған емеспін. Тағамдық қоспалардың ластануы – үлкен проблема. Бұл жағдайда да солай болды ма, білмеймін, бірақ Субриэль Матиаспен де сондай жағдай орын алғанына сенімдімін. Остарин – сапасыз қоспалардың ең көп тараған түрлерінің бірі. Ол дәл қандай затқа байланысты тестен өте алмады – білмеймін… Мельдоний ме? Күтіп көрейік, бәрі қалай аяқталады екен?!" – деді Гарсия.

Тэгтер:

Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкин Райан Гарсия