"Жеңілгенін мойындап тұр еді...": Сәкен Бибосыновты Ресейде айыптап, "алтынды" әділетсіз алды деп жатыр

Бүгін, 17:56 / Ахмет Қанатұлы
Ueslei Marcelino - Pool/Getty Images. Суретте: Сәкен Бибосынов

Дубайда (БАӘ) өткен әлем чемпионатының финалында Сәкен Бибосыновтан жеңілген Ресей құрамасының боксшысы Всеволод Рогозин өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Championat.com.

Рогозин жекпе-жекті жеңдім деп санайтынын ашық айтты:

"Өзім үшін мен жеңгенімді білдім. Сондықтан қолымды көтеріп, барлығына жеңіс менікі екенін көрсеткім келді. Қарсыласым да жеңілмегенін сезген сияқты, өйткені әлем чемпионатында шынымен жеңген адам жерге қарап, жариялағанын күтіп тұрмайды. Маған қарсы көңіл-күй болғанын көрдім, бірақ бәріне дәлелдедім. Ең алдымен өзіме, отбасым мен бапкеріме. Ең бастысы – кім мықты екенін білеміз. Жұмысты жалғастыра береміз", – деді ол.

Еске салайық, 54 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Сәкен Бибосынов ресейлік Рогозинді раздельный шешіммен жеңген болатын. Екінші раундта рефери Рогозинге нокдаун санады.

Тэгтер:

Сәкен Бибосынов Бокс