Шашу теріп жүрген Головкин мен Рахмонов көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді (ВИДЕО)

15 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
видеодан скриншот

Қазақстанның танымал спортшылары Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов Көкшетауда жаңа спорт кешенінің ашылуына қатысып, жергілікті жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Головкин мен Рахмоновтың салтанатты шараға келген сәтінен түсірілген видео Instagram-дағы kokshetautoday парақшасында жарияланды.

Пікір қалдырған жанкүйерлер қос чемпионды бірге көргеніне ерекше қуанып, эмоцияларын жасыра алмады:

"Уау, керемет!", "Біздің чемпиондар!", "Қазақтың нағыз батырлары! Жарайсыңдар!", "Тамаша, сүйікті спортшыларымыз Көкшетауда!", "Біздің мақтанышымыз!", – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Геннадий Головкин қазіргі таңда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің және World Boxing ұйымының президенті болып қызмет атқарады. Ал Шавкат Рахмонов жарақаттан кейінгі ұзақ үзілістен соң UFC-дегі көптен күткен жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов Геннадий Головкин