"Тұрсынбек жылап хабарласты": Мөлдір Мұқанова жеке өмірі жайлы тағы бір сұхбат берді

15 желтоқсан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова әнші Жанар Айжановаға берген жаңа сұхбатында көпшілік біле бермейтін бір әсерлі оқиғасын бөлісті.

Мөлдірдің айтуынша, олардың отбасылық өмірі Тұрсынбектің танымал болмай тұрған кезеңінен басталған.

"Тұрсынбек бірден "Қабатов" болып, жұлдыз болған жоқ. Мен қарапайым ғана Тұрсынбекке тұрмысқа шықтым. Барлығын басынан бастап, екеулеп құрастырдық. Мені Мөлдір еткен Тұрсынбек болса, Тұрсынбектің танылуына менің де еңбегім бар екенін ашық айта аламын", – деді ол.

Сұхбат барысында Мөлдір жақында болған ерекше сәтті еске алды. Айтуынша, Тұрсынбек қасиетті Меккеде жүргенде Мөлдірге телефон соққан.

"Тұрсынбек қажылыққа барғанында Меккеден хабарласты. Телефонда жылап тұр. "Мөлдір, "сені Алла сүйеді, халық сүйеді" деген сөзді қайдан білдің? Біз оны үнемі айтушы едік қой" деп еңіреп айтты", – деді Мөлдір.

Ол жылдар бойы сахнаға шығар алдында Тұрсынбекті дәл осы сөздермен жігерлендіріп келгенін айтты:

"Тұрсынбек сахнаға шығарда қобалжып тұрса, "қорықпа, Алла сені сүйеді, халық сені сүйеді" деп арқасынан қағып жіберетінмін", – дейді ол.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатов