Күтпеген жаңалық! Данияр Елеусіновке қатысты сұмдық хабар тарап жатыр

Бүгін, 12:58 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Данияр Елеусінов

Кәсіпқой бокста әлем чемпионы (IBO) атағын иеленген, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өз болашағына қатысты Instagram желісінде тосын сұрақ қойып, жанкүйерлерімен ой бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұған дейін Данияр Елеусінов Дана Уайт пен Турки әл-Шейх негізін қалаған, келер жылы іске қосылуы тиіс жаңа Zuffa лигасында жұдырықтасуды жоспарлап жүргенін айтқан еді. Алайда оның соңғы жазбасына қарағанда, спортшы басқа да жолдарды қарастырып жатқан сияқты.

"2026 жылы менен не күтесіздер? Zuffa-ның жаңа лигасында өнер көрсеткенімді қалайсыздар ма? Әлде өз тәжірибеммен бөлісіп, елімізге қызмет еткенімді қолдайсыздар ма? Сіздердің пікірлеріңіз мен үшін өте маңызды", – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы рет 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-тағы Вашингтон (Пенсильвания штаты) қаласында жекпе-жек өткізген. Сол кездесуде ол филиппиндік Джеймс Бейконды (26-6, 17 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

34 жастағы Данияр Елеусінов соңғы жылдары рингке сирек шығып жүр: 2020 жылдан бері ол бар-жоғы төрт жекпе-жек өткізген.

Тэгтер:

кәсіпқой бокс Бокс Данияр Елеусінов