Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған Дубайдағы (БАӘ) әлем чемпионатында қазақ боксшылары финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бүгін өтетін финалда Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг) жұдырықтасады. Олардың жекпе-жектерінің тікелей көрсетілімін төмендегі сілтемеден көре аласыздар.
Финал кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):
- 18:30 – 54 кг: Сәкен Бибосынов – Вячеслав Рогозин (Ресей)
- 18:45 – 57 кг: Оразбек Асылқұлов – Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)
- 19:45 – 71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Сергей Колденков (Ресей)
- 20:00 – 75 кг: Сабыржан Аққалықов – Исмаил Муцольгов (Ресей)
Еске салайық, Қазақстан құрамасының бастапқы тізімінде 13 спортшы болды. Алайда жеті боксшы жүлдеге жете алмады: Даниял Сабит (51 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Ерасыл Жақпеков (81 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг), Нурмагамед Юсупов (92 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг).
Ал Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.