Бокстан әлем чемпиондары Нұрбек Оралбай мен Махмұд Сабырхан шаршы алаңда жаттығу жасап, спарринг өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан екі спортшының рингте шеберлік байқап, қарқынды дайындық жасағанын көруге болады. Боксшылар негізінен поп-ММА өкілі Еркеұбан Тоқтарға көмектесуге, жаттығуына септесуге келген. Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар осы айдың соңында Өзбекстанның Ташкент қаласында кезекті жекпе-жегіне шығуы тиіс. Осыған байланысты ол тәжірибесін арттыру үшін еліміздің мықты боксшыларымен бірлесе жаттығып жүр.
Еркебұланның дайындық лагеріне Қазақстан ұлттық құрамасының үздік өкілдері мен әлем чемпиондары шақырылған. Атап айтқанда, жаттығуларға Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және Санжар Тәшкенбай қатысты.