Кезінде "курьер" болған боксшымыз әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

11 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
ҰОК. Суретте: Ертуған Зейнуллинов

Қазақ боксшысы Ертуған Зейнуллинов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында рингке шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

63,5 кг салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама үшін өткен кездесуде Ертуған Зейнуллинов Израиль боксшысы Ахмад Шитвимен күш сынасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақ спортшысы төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Екінші раундта Шитви белсенділік танытпағаны үшін ресми ескерту алды. Бұл жекпе-жектегі айқын басымдық Ертуған Зейнуллиновке әлем чемпионатының қола медалін кемінде қоржынға салуға мүмкіндік берді.

Ертуған Зейнуллинов – 2024 жылғы Қазақстан чемпионы.

IBA ұйымдастырған әлем чемпионаты 3 желтоқсанда басталды. Дүбірлі додада 118 елден келген үздік боксшылар бақ сынап жатыр.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты жартылай финал Ертуған Зейнуллинов