Өзбекстан мен Ресей озып кетті: Қазақстанның жетінші боксшысы жеңіліс тапты

10 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Даниял Сәбит

Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті. Осылайша ол бүгін жеңілген төртінші отандасымыз атанып отыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

51 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға берілетін жолдаманы сарапқа салған кездесуде Сабит Замбия боксшысы Патрик Чиньембамен күш сынасты. Қазақстандық спортшы жекпе-жекті белсенді бастап, дәл соққыларын жиі бағыттағанымен, алғашқы раундта төрешілер жеңісті африкалық боксшыға берді.

Екінші раундта Сәбит қарқынын күшейтіп, есепті теңестіріп үлгерді. Алайда шешуші раундтағы тартысты сыннан кейін жеңіс 5:2 есебімен Чиньембаның пайдасына шешілді.

Даниял Сәбит – Қазақстанның үш дүркін чемпионы, сондай-ақ 2025 жылы Нидерландта өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы. Әлем чемпионатында ол 1/16 финалда Кениядан келген Кельвин Майнды, ал 1/8 финалда Кабо-Верде өкілі Леник Фернандесті тізе бүктірген болатын.

IBA ұйымдастырған әлем біріншілігі 3 желтоқсанда басталды. Жүлде қоры 8,32 млн долларды құрайтын бұл додада 118 елден келген мықтылар бақ сынап жатыр.

Тэгтер:

Бокс Қазақстан Әлем чемпионаты Даниял Сәбит