Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының ширек финалындағы жекпе-жегін төрешілер шешіп тастады

10 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Luis Robayo - Pool / Getty Images. Суретте: Сәкен Бибосынов

Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

54 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шығу үшін өткен кездесуде Сәкен Бибосынов Замбия елінің өкілі Мвенго Мвалемен жұдырықтасты. Үш раунд бойы басымдық танытқан қазақ боксшысы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, кемінде қола медаль иегері атанды.

Енді Сәкен Бибосынов жартылай финалда Непал боксшысы Чандра Бахадур Тапамен кездеседі.

Айта кетейік, Бибосынов – 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ Азия чемпионаттарында екі рет жүлдегер атанған (күміс – 2022, қола – 2021). Кәсіби рингте екі кездесу өткізіп, екеуінде де сенімді жеңіске жеткен.

Биылғы әлем чемпионаты 3 желтоқсанда басталды. Байрақты бәсекеде 118 елдің боксшылары бақ сынап жатыр.

Тэгтер:

Сәкен Бибосынов Бокс Әлем чемпионаты жартылай финал видео