37 жастағы Теміртас Жүсіпов Қазақстан құрамасынан бірінші болып жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңі бүгін басталды. Алғаш болып рингке көтерілген 48 келідегі Теміртас Жүсіпов nepалдық Лал Прасад Упретимен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Тәжірибелі, 37 жастағы боксшының бұл жарыстағы екінші ірі жеңісі. Бұған дейін ол 1/8 финалда үндістандық Девендра Сингх Соланкиді төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.
Осы нәтижесімен Теміртас кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті және жартылай финалға жол ашты.
Жүсіповтен кейін бүгін тағы тоғыз қазақстандық боксшы өз жекпе-жектерін өткізеді.