УЕФА Чемпиондар лигасында "Қайрат" "Олимпиакостан" 1:0 есебімен ұтылғанымен, команданың қақпашысы Темірлан Анарбеков матчтың басты қаһарманы атанды. Ол бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасын ірі есептен сақтап қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ойыннан кейін Threads желісінде жанкүйерлер Анарбеков туралы пікірлерін жарыса жазды. Көпшілік қақпашының деңгейі қазақстандық чемпионаттан әлдеқайда жоғары екенін айтып, Еуропаның ТОП-5 лигасына ауысуын қалайды.
Пікірлердің бірінде: "Анарбековке машина емес, жаңа команда беру керек" десе, тағы бірі: "Бүгінгі матчтың үздігі – Анарбеков пен штанга" деп әзілдей жазған.
Ал кейбір жанкүйерлер қорғаныс сапын сынға алып: "Еуропа қарашы, Анарбековті өлтіретін болды" деп пікір қалдырды.