Ресей, Өзбекстан, Қазақстан? Әлем чемпионатының ширек финалында қай елдің өкілдері көп?

10 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
McShane/Sportsfile via Getty Images. Суретте: Сәкен Бибосынов

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 1/8 финалдық жекпе-жектері аяқталып, ширек финалға өткен спортшылар анықталды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ширек финалға ең көп спортшы шығарған құрама – Ресей. Бұл елдің 13 боксшысы 1/4 финалда жұдырықтасады. Өзбекстан құрамасының көрсеткіші де жоғары: 11 боксшы ширек финалға өтті. Қазақстан құрамасы 10 боксшымен үшінші орынға жайғасты.

Қазақстанның ширек финалға өткен боксшылары: Теміртас Жүсіпов (48 кг), Даниял Сабит (51 кг), Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Сабыржан Аққалыков (75 кг), Нұрлан Сапарбай (92+ кг).

Тэгтер:

Сәкен Бибосынов Бокс Қазақстан Өзбекстан Ресей ширек финал