"Ұзақ уақыт комада жатып қалды": Танымал әнші 38 жасында ауыр дерттен көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)

9 желтоқсан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Танымал хит әндердің орындаушысы ADAM (шын аты – Михаил Клименко) ауыр дерттен өмірден өтті.

Қайғылы хабарды оның жұбайы Александра Instagram парақшасында жариялады. Ол 7 желтоқсан таңында 38 жастағы әртістің жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Жақындары қоштасу рәсімі жөнінде кейінірек хабар беретінін жеткізді.

"Өкінішке қарай, бүгін таңертең Мишаның мейірімді жүрегі тоқтап қалды", – деп жазды Александра Клименко.

Айта кетейік, Михаил Клименко ұзақ уақыт комада жатқан. Ол аса ауыр ауру – туберкулезді менингит диагнозымен ауруханаға түскен. Бұл дерт ми қабықтарын және жүйке жүйесін зақымдайды. Екі айдан аса уақыт бойы ADAM өмір үшін күресті, реанимацияда да жатқан. Өкінішке қарай, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оның жағдайы жақсармаған.

Тэгтер:

қаралы хабар