Күтпеген жаңалық! Головкин басқаратын World Boxing ұйымы туралы сұмдық хабар тарады

9 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Геннадий Головкин

World Boxing президенті атанған Геннадий Головкин елеулі қиындықтарға тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Sportinside.kz.

2024 жылдың ақпанында Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы атанған Геннадий Головкин жақында жаңадан құрылған World Boxing ұйымының ресми сайлауында жеңіске жеткен болатын. Көптеген медиа мен сарапшылар GGG-дің келуі WB дамуының жаңа кезеңі болады деп бағалаған еді. Ұйым өз тарихындағы алғашқы әлем чемпионатын Ливерпулде өткізген. Бұл жарыста Қазақстан боксшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған еді.

Алайда "Дядя Ваня" Telegram арнасы таратқан мәліметтерге қарағанда, қазақ боксының жұлдызы басқаратын World Boxing ұйымындағы жағдай көпшіліктің ойлағанындай жақсы емес. Арна авторы WB-да үлкен қаржылық проблемалар бар екенін айтады.

Ішкі құжаттар мен тәуелсіз аудиттің қорытындысына сәйкес, World Boxing ұйымының 2026 жылғы бюджеті халықаралық Олимпиада комитетінен (ХОК) түсуі мүмкін (әзірге расталмаған) қаржыландыруға толықтай тәуелді болмақ. Еске салайық, коммерциялық емес халықаралық спорт федерациясы 2023 жылдың сәуірінде ресми түрде құрылған. Ұйым Швейцарияның Лозанна қаласында тіркелген (мекенжайы: Avenue de Rhodanie 2 CP 975 1001).

Жақында швейцариялық аудиторлық-бухгалтерлік компания Fidurev SA жүргізген қаржылық тексерудің нәтижесі жария болды. Қорытынды бойынша WB швейцариялық заңнамада "шектен тыс қарызға батқан" деп саналатын күйге түскен. Бұл техникалық тұрғыдан төлем қабілетсіздігі дегенді білдіреді. Ұйымның қызметі сыртқы қарыздарға және ХОК қолдауына ғана тәуелді, ал мұндай қолдау қазір жоқ.

Аудит көрсеткендей, World Boxing 2024 жылды €140 400 көлеміндегі шығынмен аяқтаған. Капиталы – €212 000 көлеміндегі теріс мәнге ие болған. Швейцарияның міндеттемелер құқығы кодексінің 725-бабына сәйкес, мұндай жағдайда ұйым басшылығы жедел шаралар қабылдауға міндетті, әйтпесе ұйымның жабылу қаупі бар. World Boxing әлі ресми банкроттық процедурасын бастамағанының жалғыз себебі – USA Boxing ұйымының берген $250 000 көлеміндегі қарызы. GGG басқаратын WB бұл қарызды 5 жыл ішінде – 2029 жылға дейін қайтаруды жоспарлап отыр.

Алайда қарызды қайтару деңгейі өте төмен: қолдағы бар қаражат – €86 900; міндеттемелер – €300 000-нан асады.

World Boxing келесі маусымға арналған алдын ала бюджетін жариялады. 2026 жылы ұйымға кемінде €2,2 млн қажет, оның €1,45 млн (66%) – ХОК-тен түсуі мүмкін қаражат. Бірақ құжаттарда бұл сома "алдын ала", "шамамен", "кепілдендірілмеген" деп бірнеше рет атап өтілген.

Қазіргі таңда әлемдік рингте екі ұйым бәсекелесіп келеді:

Қазақстан ресми түрде WB-ды бірінші болып мойындаған елдердің бірі саналады. 2026 жылға арналған спорттың басым бағыттары тізімінде WB көрсетілген.

Айта кетейік, дәл қазір БАӘ-де IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан жаттықтырушылары бұл жарысқа ең мықты боксшыларды емес, екінші құрамды жіберген. Бұл чемпионатта рекордтық жүлде қоры – $10 млн, ал бұл сома World Boxing-тің 2026 жылғы жалпы бюджетінің төрт есесіне жуық.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин World Boxing қарыз ұйым