Қаралы хабар! Танымал актер, Халық әртісі 89 жасына қараған шақта көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)

9 желтоқсан, 2025 / Admin
ашық дереккөзден

Ресейдің халық әртісі, актер және педагог Владимир Сулимов 89 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Моссовет атындағы театр хабарлады.

Театр ұжымы Сулимовтың өлімін орны толмас қайғы деп атады. Айтуларынша, актер бұл театрдың құрамына 1960 жылы қосылған.

"Оны труппасына Юрий Александрович Завадский қабылдаған еді. Владимир Сергеевич… кәсіби ортада әрдайым асылдықтың, дәстүрге адалдықтың және артистік қадір-қасиеттің жарқын үлгісі болды", – деп жазды театр өкілдері.

Сулимов театр сахнасында 70-тен аса образ сомдаған. Сонымен қатар ол Щепкин атындағы Театр училищесінде сабақ берген.

Тэгтер:

қаралы хабар Халық әртісі Владимир Сулимов