Қытайдың спорт саласындағы жоғары лауазымды шенеунігі Гоу Чжунвэнь пара алу және қызметін асыра пайдалану ісі бойынша өмір бойына сотталды, деп хабарлайды 1bol.kz.
Қытайдың Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы жетекшісі Гоу Чжунвэнь ұзақ жылдар бойы шенеуніктік өкілеттігін заңсыз пайдаланып, түрлі жобаларды бекітуде және бизнес өкілдеріне қолдау көрсетуде пара алғаны анықталды. Тергеу нәтижесінде оның 2009-2024 жылдар аралығында жалпы көлемі 33 миллион доллардан асатын заңсыз табыс тапқаны белгілі болды.
2024 жылдың соңында Чжунвэнь Коммунистік партияның қатарынан шығарылып, тәртіптік нормаларды өрескел бұзғаны үшін мемлекеттік қызметтен қуылған еді.
Сот оны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танып, өлім жазасына үкім етті. Дегенмен, Гоу Чжунвэнь өз кінәсін мойындап, заңсыз алынған қаражатты толық қайтарғаны ескеріліп, жазасы екі жылдық сынақ мерзімімен өтелетін өмір бойына бас бостандығынан айыруға жеңілдетілді.
Айта кетсек, үкім бойынша жазаны жұмсарту немесе шартты түрде босату қарастырылмаған.