Қазақ боксшысы Сабыржан Аққалықов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында өзінің екінші жекпе-жегін өткізіп, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
75 келі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол Жаңа Зеландияның боксшысы Тавхириматеа Тохерири-Халлетпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңді. Сабыржан Аққалықов үш раундтың барлығында қарсыласынан мықты екенін дәлелдеді. Осы жеңістің арқасында Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде Сейшель аралдарының өкілі Джошуа Аарон Кузенді екінші раундта нокаутпен жеңіп, жарысты айқын басымдықпен бастаған болатын.