Айбек Оралбайдың орнына барған боксшымыз әлем чемпионатының ширек финалына шықты

8 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: Нұрлан Сапарбай

Қазақстанның аса ауыр салмақтағы боксшысы Нұрлан Сапарбай Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында сенімді түрде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

92 келіден жоғары салмақта 1/8 финалда рингке көтерілген Сапарбай IBA-PRO лигасының спортшысы Иман Раамезанпурделвармен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты айқаста Нұрлан басымдық танытып, төрешілердің 4:1 есебімен шығарған шешімі арқылы жеңіске жетті.

Осы нәтижемен 2025 жылғы Қазақстан чемпионы ширек финалға жолдама алып, жарысты жалғастырады. Ал ирандық қарсыласы турнирді осы кезеңде аяқтады.

Еске сала кетейік, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін өтеді. Биылғы додадағы жалпы жүлде қоры — 8,32 миллион доллар.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Нұрлан Сапарбай ширек финал