Ресей кинематографистер одағының мүшесі, кинорежиссер және актер Олег Урюмцев 6 желтоқсанда 68 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды РИА Новости.
Урюмцев "Сталинград" және "Петербургские тайны" фильмдеріндегі рөлдерімен көпшілікке таныс болатын.
Ол режиссер, сценарист қана емес, Юрий Озеров атындағы Халықаралық әскери кинофестивальдің президенті қызметін атқарған.
Ол Юрий Озеровтың келесі картиналарында ойнады: "Сталинград", "Великий полководец Георгий Жуков". Сонымен қатар ол Пчелкиннің "Петербургские тайны", Хуциевтің "Бесконечность" фильмдерінде де рөл сомдады.