Бокстан әлем чемпионатында қазақ баласы ірі есеппен жеңіліп қалды

7 желтоқсан, 2025 / Admin
olympic.uz

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы сапында сынға түскен этникалық қазақ боксшысы Саят Ильясов екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

63,5 келі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Саят Ильясов Қырғызстан спортшысы Омар Ливазамен кездесіп, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен (0:5) жеңілді. Осы нәтижеден кейін Ливаза келесі кезеңге өтті, ал Ильясов турнирдегі жорығын аяқтады.

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 8,32 млн доллар. Нақтырақ айтатын болсақ, әлем чемпиондары 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер 150 мың доллар, қола жүлдегерлер 75 мың доллар, ширек финалистер 10 мың доллар алады.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты ІВА Саят Ильясов