Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі: Айтымның адвокаттары неге Қаржаубайды тыңдамады? (видео)

18 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іске қоғамның назары әлі де басылған жоқ. Осы іс барысында орын алған тағы бір қайғылы оқиға – оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың жұмбақ жағдайда көз жұмуы. Тергеу органдары бұл оқиғаны өз-өзіне қол жұмсау деп таныды. Алайда Қаржаубай Нұрымов бұл нұсқамен келіспейтінін ашық мәлімдеген. Соған қарамастан, Айтым Нүкенов пен оның командасы тергеудің алғашқы күнінен бастап өз-өзіне қол жұмсау нұсқасын қолдап шықты. Бұл қоғамда үлкен сұрақ тудырды: неге адвокаттар өз клиентінің ұстанымына қарсы шықты?

Клиент кісі қолынан өлді десе, адвокат неге соны қолдамайды?

Заң мен кәсіби этика талаптарына сәйкес, егер клиент белгілі бір нұсқаны ұстанса, адвокат соған сай әрекет етуге тиіс. Егер адвокат бұл көзқараспен келіспесе, онда істен этикалық түрде кетіп, келісімшартты тоқтатуы керек. Бірақ клиенттің пікіріне қарама-қайшы ресми тергеу нұсқасын қолдап, оны көпшілікке жариялау – кәсіби адалдыққа сай келмейді.

«Егер клиент “оны өлтіріп кетті” десе, адвокат соны тергетіп, дәлел жинауы тиіс. Егер сен бұл нұсқамен келіспесең, кет. Бірақ елге өз-өзіне қол жұмсау деп айту – сенімге сатқындық», – дейді заңгерлер.

Нұрғанаттың жағдайы күмән тудырмай ма?

Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты бірнеше маңызды жайт назардан тыс қалды. Мысалы:

Осы деректерге қарамастан, Айтым Нүкенов пен оның командасы бұл оқиғаны біржақты — тек суицид ретінде ғана көрсетті. Олар ешқандай қосымша тергеу бастауға немесе балама нұсқаларды тексеруге ұмтылған жоқ.

Адвокаттар неге ресми нұсқаны қолдады?

Айтым Нүкеновтің әрекеті мен ұстанымы көптеген заңгерлер мен құқық қорғаушылар арасында алаңдаушылық тудырды. Ол ресми тергеу нәтижесіне толық сенім білдіріп, «бәрі дұрыс тексеріліп жатыр» деген пікірді үнемі қайталап келді.

«Айтым үнемі жүйеге бағынып отырды. Бәрі жақсы, тергеу дұрыс, мамандар кәсіби жұмыс істеп жатыр дейді. Ал шын мәнінде, басты назар клиенттің пікіріне аударылуы тиіс еді», – дейді сын айтушылар.

Қаржаубай Нұрымовтың сенімі аяқасты болды ма?

Марқұм Нұрғанаттың ағасы Қаржаубай Нұрымов өз бауырының өліміне байланысты шындықты білгісі келетінін, бұл жай ғана өз-өзіне қол жұмсау емес екенін жеткізген. Бірақ Айтым Нүкенов пен оның командасы бұл көзқарасты елемей, тергеумен толық келісіп отырды.

«Клиентің өлтіру болды деп отыр. Адвокат соған қарсы сөйлесе, ол енді кімнің өкілі?» – дейді қоғам белсенділері.