Абылайхан Жүсіпов шығады: Бүгін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

7 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Данияр Майлыбаев. Суретте: Абылайхан Жүсіпов

Бүгін, 7 желтоқсанда Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) аясындағы әлем чемпионатында Қазақстанның үш бірдей боксшысы рингке шығады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Күндізгі сессия – 18:00

Алғаш болып Оразбек Асылқұлов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – Кабо-Верде елінің боксшысы Элизандру Саншеш да Силва.

Кешкі сессия – 22:00

23:45 шамасында
Рингке Ертуған Зейнуллинов шығады. Ол Моңғолия спортшысы Даваадалай Алтангэрэлмен кездеседі.

00:45 шамасында
Тәжірибелі боксшы Абылайхан Жүсіпов бұл әлем чемпионатындағы өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол армян боксшысы Арарат Арутюнянға қарсы жұдырықтасады.

Тэгтер:

Бокс Әлем чемпионаты Абылайхан Жүсіпов Ертуған Зейнуллинов Оразбек Асылқұлов