Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Сабыржан Аққалықов әсерлі жеңіспен көзге түсті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
75 келі салмақ дәрежесінде 1/32 финалдық кезеңде Сабыржан Аққалықов Сейшель аралдарының өкілі Джошуа Аарон Кузенмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек Сабыржанның айқын басымдылығымен өтті. Ол 1-раундта Кузенді нокдаунға түсірсе, 2-раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осы жеңістің арқасында Сабыржан Аққалықов 1/16 финалға жолдама алып, әлем чемпионатындағы жорығын жалғастырады.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов – 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, бүгінде ересектер бәсекесінде де жоғары нәтиже көрсетіп келеді.