Сүйінші, ағайын! Қазақ баласы әлем чемпионатында сенсация жасап, жеңімпаз атанды

6 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Батырхан Төлеуғали

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Найробиде (Кения) өтіп жатқан таэквондодан әлем чемпионатында кезекті ірі жетістікке жетті. Бұл жолы ел қоржынына екінші алтын медальді Батырхан Төлеуғали салды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Батырхан жарысты сенімді өткізіп, финалда Иран спортшысы Мохаммад Ализадені айқын басымдықпен ұтты. Осылайша, ол әлем чемпионы атанып, Қазақстанның мәртебесін асқақтатты.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі медаль түскен болатын. Бейбарыс Қаблан алтын медаль еншілесе, Темірлан Тілеулес қола жүлдегер атанды.

Тэгтер:

Әлем чемпионаты таэквондо Батырхан Төлеуғали