Ерлер арасындағы ауыр атлетикадан ел чемпионатында 94 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды кім иеленгені белгілі болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Астана төрінде сенсация болмады! Бұл салмақтағы сөзсіз фаворит – Шымкент спортшысы Нұрғиса Әділетұлы кезекті рет өз үстемдігін дәлелдеп, чемпион атағын жеңіп алды.
Сондай-ақ бұл салмақта Сергей Петрович (Ақмола облысы) күміс жүлде еншілесе, Кирилл Староверкин (Қарағанды облысы) қола жүлдені қанжығасына байлады.
Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлының бұдан алдыңғы жарысы Исламиада болды. Ер-Риядтағы додада ол үш бірдей алтын медальді иеленген еді.