Қазақ боксшысының әлем чемпионатындағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

5 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Данияр Майлыбаев. Суретте: Санатәлі Төлтаев

Қазақ боксшысы Санатәлі Төлтаев Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

67 келі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда ол Замбия боксшысы Джеральд Кабиндамен жұдырықтасты. Тартысты айқас төрешілердің шешімімен аяқталып, Санатәлі Төлтаев 4:1 есебімен жеңіске жетті. Азия чемпионатының 2019 жылғы қола жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы бұл нәтижесінің арқасында келесі кезеңге өтті. Ал оның қарсыласы әлемдік біріншіліктегі жорығын осы жерден аяқтады.

Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Тэгтер:

Санатәлі Төлтаев Әлем чемпионаты IBA боксшы Джеральд Кабинда