Бұрын Жәнібек Әлімханұлымен рингте жолығып, одан жеңілген британ боксшысы Дензел Бентли қазақ чемпионының допинг дауына байланысты оны қатты сынға алып, ауыр сөздермен балағаттады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Желіде белсенділік танытқан Бентли X (Twitter) платформасында Жәнібекке қатысты сын пікірлерді бірнеше рет бөлісіп, өз ойларын да ашық жазған.
Бір жазбасында ол Жәнібекті "бугимен" (балаларды қорқытатын ертегілік кейіпкер) деп келеке қылып:
"Құрысын, мына жалған бугимен допинг-тестен өте алмай қалды", – деп жазды.
Ал басқа бір жазбасында тіпті Әлімханұлын "құрыған бомж" деп тіл тигізген.
Айта кетейік, екі боксшы 2022 жылы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан болатын. Ол жекпе-жекте Жәнібек бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жеткен.
Сол уақыттан бері Бентли бірнеше рет реванш сұрап, "Qazaq Style"-ға қайта жекпе-жек өткізуді ұсынған еді.