Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионаты аясында Қазақстан спортшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бірінші күнгі жарыста Қазақстан құрамасынан тек Нурмагамед Юсупов рингке шықты. 92 келі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалдық кездесуінде ол Тәжікстан өкілі Навруз Джафоевпен кездесіп, алғашқы раундта-ақ нокаутпен жеңіске жетті. Қазақстан үшін сенімді әрі әсерлі старт болды.