Ақтауда жол қауіпсіздігін күшейту және көлік қозғалысын реттеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл туралы қала әкімі Әбілқайыр Байпақов есеп беру кезінде хабарлады.
Әкімнің дерегінше, 2025 жылы автожолдардағы 9 772 шаршы метр жолақ суық пластикпен, ал 1 500 шаршы метр жол таңбасы термопластикпен жаңартылған. Мұндай материалдар жол белгілерінің ұзақ мерзім сақталуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері 18 719 м² шұңқырлы жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қала көшелерінің сапасы айтарлықтай жақсарды.
Биыл 16 нүктеге жаңа бағдаршам орнатылып, олар кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр. Оның ішінде 6 бағдаршам жаяу жүргіншілер өткеліне, 10 бағдаршам жол қиылыстарына қойылды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.