Ақтау қаласында балалар мен жастарға арналған инфрақұрылым қарқынды түрде кеңеюде. Қазіргі таңда қала аумағында 320 балалар ойын алаңы мен 120 спорт алаңы бар, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Биыл әкімдік тапсырысы бойынша тағы 80 балалар ойын алаңы және 50 спорт алаңы салынуда. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Әкімдіктің хабарлауынша, жаңартуды қажет ететін аумақтардың нақты тізімі дайындалып, мердігер компаниялар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Шартқа сәйкес, абаттандыру 2026 жылдың наурыз айына дейін жалғасады.
Сонымен қатар, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында Ақтауда қосымша 10 абаттандыру жобасы іске асырылып жатыр.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.