Бәрі осымен бітті ме? Жәнібек Әлімханұлы допингке қатысты ел естімеген шындықты ашты

5 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram/janibek_alimkhanuly. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний табылғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда алынған допинг-тест нәтижесі оң болып, Жәнібектің WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтетін кездесуі тоқтатылған еді. Жағдайға байланысты WBO ішкі тергеу бастады.

Осы оқиғадан кейін Жәнібек Әлімханұлының командасы ресми мәлімдеме жасады.

"Қолдауларыңызға рақмет, жанкүйерлер! Алла қаласа, бұл да артта қалар. Бұрын салмақ түсіре алмай қиналғанда да бізге күмәнмен қарағандар болды. Кейін олар да жанкүйерімізге айналды. Ол қиындық та өтті. Бұл допинг мәселесі де шешіледі! Бізде ең мықты команда бар! Әлі талай жеңістерді көрсетеміз! Біздің мақсат айқын. Ешбір қиындық бізді жолымыздан тайдырмайды. Сын айтатындарға мән бермеңіздер! Олар әрқашан болған, тіпті төрт белдікті жеңсек те, олар сөйлей береді. Біз тек алға жүреміз! Барлығыңыз аман болыңыздар! Ең бастысы – біз таза спортшымыз! Бізде ешқандай көлеңкелі іс, қателік жоқ! Витаминдеріміз де, тамақтану рационымыз да өзгерген жоқ. Қазір "Б" сынаманы ашуға өтініш бердік! Жауабын күтіп отырмыз!" – деп жазды Жәнібек Әлімханұлының командасы.

Тэгтер:

Бокс Жәнібек Әлімханұлы допинг команда