Қазақстан таэквондо құрамасының өкілі Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Кенияның астанасы Найробиде 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында таэквондодан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде-ақ Қазақстан құрамасы жүлде қоржынына алтын медаль салды.
Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жегінде қазақстандық Бейбарыс Қаблан Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді жеңіп, чемпион атанды.
Отандасымыз 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді және жарыстың барлық кезеңінен сәтті өтті. Финалға дейін Қаблан төрт жекпе-жек өткізіп, бірінен соң бірін Үндістан мен Түркия спортшыларын жеңді, ал жартылай финалда Иран өкілі Амирмохаммад Ашрафиді 2:1 есебімен ұтты. Осылайша, Бейбарыс Қаблан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды.
Жастар әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Байрақты бәсекеге 75 елден шамамен 500 спортшы қатысуда.